McLaren Automotive

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
McLaren Automotive Limited
Түрі

Жеке компания

Құрылды

1989 жыл

Құрушы

Брюс Макларен

Орналасуы

 Ұлыбритания: Уокинг

Саласы

Автомобиль өндірісі

Өнімі

Спорттық автомобиль

Басшы компания

McLaren Technology Group Limited

Сайты

cars.mclaren.com

McLaren Automotive Limited (бұрынғы атауы McLaren Cars Limited) — McLaren (қаз. МакЛарен) маркалы спорттық автомобильдерін өндіретін британиялық жекеменшік компания. McLaren Racing Limited және т.б. технологиялық компаниялармен қоса McLaren Technology Group Limited құрамына кіреді.

Брюс Макларен

Бастау (1963–1989)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

McLaren компаниясының негізін 1963 жылы жаңа зеландиялық Формула-1 автошабандозы Брюс Макларен мен американдық Тед Майер қалады. Олар Жаңа Зеландияда өткізілетін Тасман автожарыс сериясына қатысу мақсатымен Bruce McLaren Motor Racing Ltd командасын тіркеді. 1963 жылы Брюс Макларен чемпионатта жеңіске жетті, ал келесі екі жылда Формула-1-де Купер командасының пилоты болды. 1966 жылы Монако гран-приінде McLaren командасы Формула-1 жарыстарында алғаш рет сайысқа түсті.

1970 жылғы маусым команда үшін қайғылы аяқталды - 2 маусымда өткізілген американдық CanAm жарысына арналған жаңа автомобильді сынағы кезінде Брюс Макларен апатқа ұшырап, қаза тапты. Келесі бірнеше жылдар ішінде команда Формула-1 және т.б. жарыстарда шамалы табысқа жетті. 1979 жылы кезегінен үш жыл болған сәтсіз маусымдар нәтижесінде McLaren командасы американдық серияларға қатыспау туралы шешім қабылдап, тек қана Формула-1 жарыстарына көңіл бөлді.

1980 жылы McLaren және Project 4 Racing жарыс командалары бірікті. Нәтижесін командаға конструктор Джон Барнард келді. Оның басқаруымен McLaren әлемде алғашқы болып шыны талшықтан жасалынған алғашқы монокок (біртұтас) шанағын жасап шығарды; бұрын бұл материал негізінен әуе-ғарыш саласында ғана қолданылған болатын.

Қазіргі уақытта (1989-…)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1989 жылы McLaren өз автокөліктерінің құрастыру бойынша жұмыстарын бастады және 1992 жылы өзінің алғашқы моделін — McLaren F1-ді жасап шығарды. Атауында тұрғандай, бұл модельде Формула-1 технологиялары кеңінен қолданылды. Барлығы 6 жыл ішінде 106 дана өндірілді.

2003 жылы McLaren және Mercedes-Benz бірігіп Mercedes-Benz SLR McLaren спорткарын жасап шығарды. Бұл уақытта Mercedes бірнеше жыл қатарынан McLaren болидтерін қозғалтқыштармен қаматмасыз ететін және команданың 40 пайызына ие болатын. Алғашқы жоспар бойынша алдағы 7 жыл ішінде жылына 500 дана автомобиль өндірілуі керек болатын. Алайда 6 жыл ішінде шамамен 2000 дана өндіріліп, 2009 жылы жоба жабылды.

McLaren-нің келесі моделі McLaren MP4-12C (2011–2014) спорткары болды. Оның негізінде кейінрек McLaren 650S және оның бірнеше нұсқасы шығарылды. Одан бөлек компанияның модельдік қатары қол жетімді McLaren 570S спорттық автокөлігімен және "қалалық" 540C нұсқасымен толықтырылды.

2013 жылы McLaren өзінің алғашқы гибридті спорткары — McLaren P1 моделін жарыққа шығарды.

McLaren F1

1994 жылдан 2005 жылға дейін көшеде қолдануға болатын ең жылдам автомобиль статусын ұстап тұрды. Формула 1 Vodafone McLaren Mercedes командасымен басқаратын британдық McLaren Group компаниясының бөлімі болып табылатын McLaren Automotive компаниясы жобалап құрастырып шығарған. 107 дана шығарылды. Оның 65-і көше нұсқасы (F1) болса, 5-еуі Брюс Макларенге арналып шығарылған нұсқа (LM), 3-еуі эксклюзивті (GT), 5-еуі прототип (XP), 28-і жарысқа арналған нұсқа (GTR), және 1 прототип LM (XP LM). Автомобиль өнідірісі 1992–1998 жж. аралығында болды.

McLaren MP4-12C

Әлемдік премьерасы 2010 жылы Франкфурт автосалонында өтті.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]